Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » КУРСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

КУРСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Еліміз егемен ел болағалы өмірімізде түбірлі өзгерістер мен ашық қоғам ретінде тарихи бетбұрыстар жасалып жатыр. «Қыран – түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз – шәкіртіне талап сыйлайды», - деген халық даналығында. Елбасы Н.Ә.Назарбаев білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде «Еліміздің ертеңі бүгінгі балабақшада, мектепте тәрбиеленіп жатырған жас ұрпақтың қолында» - деп ағарту саласы қызметкерлеріне зор міндеттер жүктеді. Еліміздегі еркіндіктің шуағына шомылған 26 жылдың ішінде барлық салада мақтан етер ілгерілеу болса, соның бірі де бірегейі – білім саласындағы жетістіктер. Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылып отырған міндеттердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңының 8 – бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі мұғалім. Олай болса ізденімпаз мұғалім ғана өз шығармашылығын жаңа формация мұғалімі болуымен, бәсекеге қабілеттілігімен, кәсіби шеберлігімен нақты нәтижеге қол жеткізе алады. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттар ағыны күшейген заманда ақыл – ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның талантын, қабілетін дамыту басты назарға алынып отыр. Осы мақсатта жаңартылған білім бағдарламалары бойынша арнаулы біліктілік курстары жоспарлы жүргізілуде.
Қазіргі мектепті басқаруды ізгілендіруге байланысты мектепті басқарудың әдіс-тәсілдерін, көшбасшылық міндеттерін терең түсіндіруде Аудан бойынша мектеп директорлары жаппай курстан өтуде.
  Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Қазақстан Республикасы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтының менеджмент және ақпараттық технолгиялар кафедрасының аға оқытушысы, халықаралық дәрежедегі тренер Сүлейменова Гүлнар Абдоллақызы «Білім берудегі жаңа философиялық тұжырымдамалық ойлар негізінде мектептегі педагогикалық жүйені басқару» тақырыбында 26.03 – 06.04.2018ж күндері аралығында қысқа мерзімді курс бағдарламасымен дәріс беруде. Курстың алғашқы күнін ынтымақты сәлемдесуден бастап, бірлескен жұмыстар нәтижесінде мектептің даму бағдарламасы, Нәтижеге бағытталған басқару үлгісі, міндеттері күн сайын қызықты іс - әрекеттер арқылы көз жеткізу, нақты жоспар жасау, талдау, нәтижеге қол жеткізудің ізгілікті істермен танысудамыз. Гүлнар Абдоллақызы әрбір қызықты сабағы мен жаңа технологияларды қолдану әдісі, өз әрекетімізді ілгері дамытуға жол көрсетуде. Көшбасшылық та адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Өз даму жолымызда қолайсыздық пен келіспеушілікті жеңе білетін ізгілікті із салар қызықты сабақтар, тренингтер, шебер орындаушылық тапсырмалар жүйесін таныстырып, әр сабақта нақты жоспар жасау, ұйымдастыру, бақылау әдістерін таныстырған тартымды шебер сабақтарымен өткізуде. SMART оқыту жүйесінің ерекшеліктері, SMART технологияларды енгізу негізінде білім берудің жаңа бағыты түсіндірілуде. Сондықтан жоғарғы деңгейдегі топ менеджері – мектеп директоры.
Осы дәріс бойынша менің түсінгенім мектеп директорының тұлғалық үлгісі:
1)Басқарушы;
2)Көшбасшы;
3)Дипломат;
4)Тәрбиеші;
5)Жаңашыл педагог;
6)Болжаушы;
7)Мәдениетті адам, қарапайым, айналасына үлгі болатын адам.
  Ұлы педагог Сухомлинский: «Басқару дегеніміз – адамтану, адамның күрделі және қызықты, рухани жан дүниесіне үңіле білу. Басқарушылық шеберлік пен басқарушы өнер, даналықты жүрекпен ұға білу» деген екен.
Біз мектеп көшбасшылары қысқа мерзімді курстан өзімізге қажетті білім ала білдік.
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз,
04 сәуір 2018 ж. 621 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области