Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СОТ ПЕН «БІТІМ» МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

СОТ ПЕН «БІТІМ» МЕДИАЦИЯ ОРТАЛЫҒЫ АРАСЫНДА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ

Шараға Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы К.Абдуллаев, кәсіпқой медиатор Л.Бактыбаева, қалалық білім бөлімінің өкілдері Г.Агжигитова және Б.Кайырбекова, сонымен қатар жергілікті мектеп оқушыларының ата-аналары қатысты.
  Аталған дөңгелек үстелдің басты мақсаты – тараптар арасында өзара келісімге отыру арқылы қоғамдағы түйіткілді мәселелерді шешу,медиатордың көмегімен шешілетін барлық жағдайларды келіссөздер арқылы тиімді пайдалану болып табылды.
  Шара барысында сот төрағасы Қ.Абдуллаев қазіргі таңда сот жүйесінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының медиация бойынша пилоттық бағдараламасы жүзеге асырылып, күннен күнге медиация тәртібімен аяқталатын істер саны артып отырғанын атап өтті.
  Сонымен қатар, кәсіпқой медиатор Л.Бақтыбаева Қызылорда облысында «Сотсыз татуласу орталығы» ашылғандығын, осы жобаның аймақтың қоғамдық өмірі үшін маңыздылығы зор екенін атап өтіп, тұрғындарды соттан тыс дауларды шешудің тиімді жолдарын қарастыруға шақырды.
  Дөңгелек үстел соңында Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты және  «Бітім» Медиация орталығы» қоғамдық бірлестігі тараптар арасындағы дауларда медиация және татуластыру рәсімдерін кеңінен қолдану мақсатында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
12 сәуір 2018 ж. 1 012 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области