СЫРДАРИЯ АУДАНДЫҚ ІШКІ ІСТЕР БӨЛІМІНІҢ ҒИМАРАТЫНДА МЕДИАЦИЯ КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ
Ашылу рәсіміне Сырдария аудандық сотының төрағасы А.Абдулла, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сағидуллаұлы, кәсіпқой емес медиаторлар Ж.Қонысбаев, К.Мұстафаев, С.Еламанов, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері және бұқаралық ақпараттар құралдарының өкілдері қатысты.
Сөз басында аудандық соттың төрағасы А.Абдулла, Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы 28.01.2011 жылы қабылданды. Медиация – ол дауды шешудің жаңа тәсілі екені барлығымызға мәлім. Медиация дауды бейтараптық үшінші тұлға, осы дауға мүдделі емес тарап - медиатордың қатысуымен шешуге көмектеседі.
Бір ғана мысал, бірқатар шетелдерде азаматтық дау-дамайлардың 90 пайызы сотқа жүгінбей-ақ, медиаторлардың араласуы арқылы шешіледі. Тоқсан ауыз сөздің түйіні, медиаторлардың қызметін пайдалану арқылы өзара дауласушы тараптар соттың қызметін пайдаланбай-ақ, толғақты проблемаларды тез арада шешіп, оған толық нүкте қоя алады. Міне, бұл біз әңгіме етіп отырған медиацияның өзіндік артықшылығы. Тағы бір ерекшелігі, дауласушы тараптар бір немесе бірнеше медиатордың қызметіне жүгінуіне болады деді.
Сонымен қатар, Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Е.Сағидуллаұлы аудандағы медиацияны насихаттау мен дамытуға байланысты жүргізіліп жатқан шараларды, татуластыру рәсімдерінің мақсаттары мен негіздерін, алдағы уақытта бұл бағыттағы атқарылатын іс-шаралар жөнінде атап өтті.
Кездесу барысында қолданылатын татуластыру рәсімдері, дауларды медиация, партисипативтік рәсім тәртіптерімен шешу жөнінде сұрақтарға тоқталып, медиация қолдану аясын және халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобындағы тұлғаларға пайдасы түсіндірілді.
Іс шараға қатысушылар өз пікірлерін айтып, туындаған сұрақтарды талқылап, оларды қаңдай жолымен шешуін тұжырымдады.
Медиация кабинеті кеңсе жабдықтарымен мен әдістемелік нұсқаулармен, кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың тізімімен қамтылды.