ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ 3 АЙЛЫҚ ЖҰМЫСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Іс-шараға облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев, облыстық соттың алқа төрағалары, облыстық, аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары, соттар әкімшісі басшылығы қатысты.
Кеңес жұмысын облыстық соттың төрағасы Қамбар Нұрышев ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстырды.
Мұнан соң қылмыстық, азаматтық, әкімшілік, істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру туралы алқа төрағалары Бақытжан Қалымбет пен Әділхади Шығамбаевтың есептері тыңдалды. Олар бірінші және апелляциялық сатылардағы соттардың сот төрелігін жүзеге асырудың сандық және сапалық көрсеткіштері туралы мәлімдеді.
Отырыста баяндалған статистикаға сәйкес, 2018 жылдың 3 айында облыс соттарының өндірісіне 8 485 талап қою арызы, 208 іс түскен (2017 ж. 3 айында – 6455 талап арыз, 95 іс), яғни өткен жылмен салыстырғанда талап қою арыздарының саны 24,0 % көбейген.
Есепті кезеңде облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасына 575 іс түскен.
Қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы 381 қылмыстық істі қараса, 2017 жылдың 3 айында 331 қылмыстық іс қаралған. Яғни былтырғы жылдың есепті мерзімінен -50 іске көбейген.
Қызылорда облысы соттарында есепті кезеңде Медиация тәртібімен 115 қылмыстық және 307 азаматтық, 161 әкімшілік, партисипативтік рәсім тәртібімен - 16 іс, татуласу келісімен 51 іс қаралды.
Кеңес шеңберінде Судья әдебі жөніндегі комиссияның атқарған жұмысы туралы Комиссия төрағасы Амангелді Қожаниязов, Оқу орталығының жұмысы бойынша үйлестіруші-судья Жанат Оспанова баяндады. Сот имиджін көтеру, құқықтық насихаттау және БАҚ-пен өзара іс-қимыл бойынша үйлестіруші-судья Артур Наримов, құқықтық көмек көрсету орталығының атқарған жұмыстарын соттар әкімшісі басшысының орынбасары Мөлдір Асанова айтып берді. Іс-шара барысында соттардың есептік кезеңде жіберген кемшіліктері талқыланып, шешу жолдары бойынша ұсынымдар келтірілді.
Кеңейтілген кеңес қорытындысы бойынша сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту, судьялар мен сот мамандарының кәсіби деңгейін арттыру, алдағы атқарылатын жұмыстар мен тапсырмалар айқындалды.