Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЭКОЛОГИЯ ЗАҢНАМАСЫН ҚОЛДАНУДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЭКОЛОГИЯ ЗАҢНАМАСЫН ҚОЛДАНУДА ТУЫНДАЙТЫН МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ


    Қызылорда облыстық сотында Аймақтық оқу орталығының ұйымдастыруымен, облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Әділхады Шығамбаевтың төрағалығымен "Экология заңнамасын қолдануда туындайтын мәселелер" тақырыбында "дөңгелек үстел" өткізілді. Іс шараға судьялар, прокурорлар, мемлекеттік органдар өкілдері қатысты.
    Шараны Ә.Шыгамбаев ашып, күн тәртібіндегі негізгі мәселелермен таныстыра келе, экология заңнамасын бұзудан туындайтын әкімшілік және азаматтық істерді қарау барысында соттардың экологиялық заңнамалардың дұрыс қолданылуына ерекше назар аудару қажет екендігін айтты.
    Бұдан кейін баяндамашылар Қызылорда облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы 3.Жарылқасынова, Қызылорда қалалық сотының судьясы Г.Мырзатаева, Қызылорда қаласының әкімшілік сотының судьясы С.Утегенова, Қызылорда облысының экология департаментінің мемлекеттік бақылау бөлімінің басшысы Б.Баймаханов, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бөлім басшысы Т.Досмайлов экологиялық заңнаманы қолдану барысындағы туындайтын мәселелер бойынша баяндамаларын оқыды.
    Дөңгелек үстел барысында экологиялық заңнамаларын колдану бойынша сот тәжірибесінің мәселелері, жургізілген тексеру нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша жауапкершілікке тарту кезінде туындайтын даулар, әкімшілік істерді қарауда экологиялық заңнаманы колдану туралы азаматтық істерді қарау кезінде туындаған мәселелері талкыға түсті. Атап айтқанда экологиялық заңдардың сақталуына жүргізілтен тексеру нәтижесімен жауапкершілікке тарту, мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу. қоршаган ортаны ластаудың негізгі факторлары мен сот тәжірибесі.
    Дөңгелек үстел катысушылары экологиялық- заңнаманы қолдануда туындайтын дауларды шешу мақсатында тұрақты түрде шолу жасауға және олар бойынша кемшіліктерді болдырмау үшін бірлесе жұмыс жасау туралы ұсыным әзірледі.
    Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі


13 қараша 2017 ж. 724 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области