ЖОЛДАУ – ЖАҢҒЫРУДЫҢ ДАҢҒЫЛ ЖОЛЫ
Біз Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын Жолдауын асыға күтетеміз. Себебі, әрбір Жолдау ел дамуы жолындағы бағдаршамдай алдағы мақсат-міндетті айқындап беріп отырады. Елбасының биылғы Жолдауы “Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері” деп аталды.
Аты айтып тұрғандай, өркениетті дамыған елдердің даму көшінен қалмау үшін біз уақыт өзгерісіне сай болуымыз қажет.
Жолдауда Елбасы ең бастысы цифрлық дәуір, технологиялардың дамуы, жалпы төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы мемлекет дамуының айқын бағыттарын анықтап көрсетті.
Жолдауда Елбасы Н.Назарбаев цифрлық кезеңнен қалыс қалмауға басты назар аударды. Жолдауда Елбасы атап өткен он негізгі басымдықтың түйіні де осы – цифрлық уақыт. Цифрлық технологиялар барлық салада болады. Мемлекеттік басқару, экономика, әлеуметтік сала, агроөнеркәсіп, өндіріс, жалпы қай салада болмасын, алдағы уақытта цифрландырусыз елестету мүмкін емес.
Цифрлық технология ашықтықты қамтамасыз етеді. Яғни мемлекетімізді қабылданып жатқан шешімдердің ашықтығын қамтамасыз етеді. Халықтың пікірі ескеріледі деген сөз. Бұл бір жағынан жұмыс сапасын арттыруға ықпалын тигізбек.
Жолдауда аталған 10 міндеттің барлығы елді дамытуға бағытталған қадамдар. Мәселен, еліміздегі индустрия, технология, өнеркәсіп кешені, көлік-логистика, инфрақұрылым, коммуналдық құрылыс, заманауи технология, адами капитал, тиімді мемлекеттік басқару және “ақылды қалалар” “ақылды ұлт үшін” деген мәселелер көтерілген. Жолдауда атап көрсетілгендей, “Ақылды қалалар” өңірлік дамудың, инновацияны таратудың және еліміздің барлық аумағында тұрмыс сапасын арттырудың локомативтеріне айналады” деп атап көрсетілгендей, мұның барлығы түптеп келгенде адамдардың қолайлы өмір сүруі үшін бүгінгі күні алға қойылып отырған міндеттердің бірі.
Жолдауда айтылған алтыншы міндет – қаржы секторын “қайта жаңғырту”. Елбасы бұл орайда халыққа қаржылық қызмет қалай көрсетіліп жатқанына бүгінгі таңда маңыз беру керек екендігін аңғартты. Сонымен қатар қарапайым азаматтардың қажеттілігі үшін несиелік бағдарламаларды кеңейтуді тапсырды. Бұған қоса әлеуметтік саясат пен адами капиталға да ерекше ден қойып отыр.
“Тиімді мемлекеттік басқару” деп аталатын Жолдаудағы жетінші міндет елімізде бизнес климатты жақсаруға жағдай жасауды айқын көрсетті. Сонымен қатар мемлекеттік қызметшінің жаңа бейнесін қалыптастыру міндеті де тұр. “Әкімшілік шығындарды азайту үшін ведомствоға бағынышты нақты қажетті ұйымдарды мүмкіндігінше біріктіру керек. Босаған қаражатты мемлекеттік қызметшілердің факторлық-балдық шкалаға негізделген жаңа еңбекақы жүйесін енгізуге бағыттау қажет.” деп атап көрсетті Елбасы Жолдауда.
Биылғы Жолдаудың тағы бір ерекшелігі – инновацияларды енгізуге бағытталған индустрияландыру бас назарға алынғандығы. Мұны Назарбаев университеті, инновациялар технологиялар паркі секілді инновациялық орталықтардың жұмысына басымдық берілгендігінен байқай аламыз.Сонымен қатар көлік пен логистикаға ерекше назар аударған. Бір сөзбен айтқанда Жолдауда айқындалған 10 міндеттің алтауында экономиканың барлық салаларында жаңғырудың негізгі құралға айналатыны айтылған.
Өркениет көшіне ілескен елімізде жемқорлықпен күрес жалғаса береді. Себебі, жемқорлық жойылмайынша, жетістікке жету мүмкін емес. Ел дамуына кедергі келтіретін жемқорлықпен күресті жалғастыру жайы бұл Жолдау назарынан тыс қалмай тоғызыншы міндет ретінде атап көрсетілді. “Азаматтардың конституциялық құқықтарына кепілдікті нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында көшелерде және көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау жүргізетін, азаматтарды анықтайтын және жол қозғалысын қадағалайтын интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізу керек” деп атап көрсетілген.
Қорыта келгенде бұл Жолдау еліміздің даму жолындағы жаңа міндеттерді айқындап берді. Жаңа дәуірге сай мемлекет болу үшін уақыт талабына сай үн қату қажет. Жолдауда айтылған цифрландыру, ақылды қалалар, жемқорлықсыз қоғам құру, адами капитал бәрі-бәрі алдымызда орындалуы тиіс жаңа міндет. Бұл міндетті орындауға әрбір азамат білім-білігімізбен, тәжірибемізбен белсенді кірісуіміз қажет. Бұл жолғы Жолдауда да адами капиталға маңыз берілсе, дені сау ұлт болу үшін мықты денсаулық саласы, сапалы білім беру жүйесі,” ақылды қала” деп аталатын жайлы тұрмыс дегеннің барлығы адам өмірін жақсарту үшін. Ендеше еліміздің жағдайын жақсартуға Жолдауда айтылған он міндетті орындаужолында жұмыла еңбек етейік.
Т. ОСПАНОВ,
Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаменті
басшысының орынбасары