МҰНАЙДЫҢ БАҒАСЫ КӨТЕРІЛДІ

Сауда қорытындысына сәйкес, Brent маркілі мұнайдың бағасы маусымдағы жеткізілімдер бойынша Лондонның ICE Futures биржасында 0,14 долларға қымбаттап, баррелі 74 доллар болған.
WTI маркілі мұнай фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,35 долларға қымбаттап, баррелі 68,05 долларға жетті.