МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ КӨТЕРІЛДІ
Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Лондонның ICE Futures биржасында маусым айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,16 долларға дейін қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 71,58 доллар болды.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың мамыр айында жеткізілетін фьючерстері 0,3 долларға көтеріліп, бір баррельдің бағасы 66,52 долларға жетті.