МҰНАЙДЫҢ ӘЛЕМДІК БАҒАСЫ АРЗАНДАДЫ

Сауда қорытындысы бойынша, Лондонның ICE Futures биржасында мамырда жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың фьючерстері бір баррельге 0,56 долларға дейін түсіп, 68,91 долларды құрады. Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері бір баррельге 0,87 долларға арзандап, 64,3 доллар болды.