Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚСЫЗ ҚОҒАМ

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен семинар өтті. Қоғамда сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық нормаларын сақтап, заңбұзушылықтардың алдын алуды мақсат еткен жиынға департамент басшысының орынбасары Б.Байхожаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының заңгер-консультанты С.Алшынбеков, департаменттің бас маманы Ә.Амангелдиев қатысып, маңызды мәселелер төңірегінде баяндама жасады.
– Жемқорлық көріністеріне қарсы күресуде азаматтардың барлығы белсенділік танытып, мүлдем төзбеушілік қасиетін қалыптастыруы керек. Себебі, осындай тәжірибені қолданған Сингапур, Оңтүстік Корея елдерінде соңғы жылдары жемқорлық деректері 2 пайызды құраған. «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы» – сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізі. Осы стратегияда да кешенді шаралардың жұртшылықтың қатысуымен жүргізілу қажеттігі айтылған. Мемлекет пен қоғам тығыз қарым-қатынаста болғанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы төтеп бере аламыз, – деді Б.Байхожаев.
  Басқосуда Ә.Аманкелдиев Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» аясында мемлекеттік қызметшілердің жаңа Әдеп кодексі қабылданғанын, этикалық нормаларды бұзуға әкелетін және жемқорлық құбылыстарын туындататын жағдайлардың алдын алу бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылғанын айтты. Сонымен қатар абыройлы қызметті арқалаған қызметшілер жұмыстан тыс уақытта да моральдық-әдептілік нормаларын ұстану қажеттігін алға тартып, биыл агенттіктің мемлекеттік қызметшілердің күнделікті жұмысында қолдануға қолайлы Әдеп кодексінің қойын кітапшасы, покетбук енгізгенін хабарлады. Жиын соңында спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті реттейтін заң нормаларына қатысты түсіндірме жұмыстарының әлі де жалғасатынын жеткізсе, қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарға мардым жауап ала алды.

М.СНАДИНҚЫЗЫ
01 мамыр 2018 ж. 1 337 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области