Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ, ОНЫ ЖОЮ МІНДЕТ!

ЖЕМҚОРЛЫҚ ІНДЕТ, ОНЫ ЖОЮ МІНДЕТ!


    Қызылорда облысының әділет департаментінің мемлекеттік қызмет туралы заңдарының, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әдеп кодексі талаптарының сақтауы бойынша 2017 жылы семинарлар, жиналыстар, «дөңгелек үстелдер» және әңгімелесулер өткізілді.
    Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарға жол бермеу және алдын алу мәселелері әр апта сайын өтетін аппараттық мәжілісте қаралып отыр. Бұған қоса, ол департаменттің 2017 жылдың шілде айында өткен алқа мәжілісінде талқыланды.
    «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау және мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру мақсатында облыстық әділет департаментінің филиал басшылары – аға сот орындаушылардың қатысуымен өткен жылдың қаңтар айында семинар өткізілді. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерін сақтау, сыйлықтарды арнайы қорларға өткізу тәртібі әділет департаментінің, Қызылорда аумақтық бөлімдерінің басшылары-аға сот орындаушылары, Қызылорда қаласының әділет басқармаларының қызметкерлері арасында түсіндіріліп, аталған мәселе бойынша әзірленген жаднама талаптарын қатаң сақтау керектігі назарларына жеткізілді.
    Облыстық әділет департаментінің ұйымдастыруымен сәуір айында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес-баршаға ортақ міндет» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараны өткізудің мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерге мүлдем төзбеушілік көзқарасын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа  қарсы сана-сезімді, мәдениетті  қалыптастыру болып табылды.
     «Дөңгелек үстелде» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті және «Нұр Отан» партиясы филиалының басшылары, кәсіпкерлер палатасының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру мәселелерін талқылады.  
    Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған мінез-құлық қағидаттарын ұстануға тиіс екендігі аталып өтілді.
    Департаменттің барлық қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша брошюралар таратылып, берілді.
    «Дөңгелек үстел» барысында айтылған ұсынысқа сәйкес Мемлекеттік қызмет істері  және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасы бойынша «Құқық бұзушылыққа қарсы «мүлдем» төзбеушілікті бізбен бірге қалыптастыр!» қағидасын қолдай отырып,  мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету заңнама талаптарының бұзылу фактілері бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар фактілері бойынша сенім телефондарына хабарласа алатындығы жөнінде департаменттен шығатын 50-ден астам құжатқа хабарлама орналастырылып бекітілді. Бұл жөнінде бейнеролик түсіріліп, жергілікті телеарналарда жарықтандырылды.
     Департаменттің аппарат қызметкерлері мен Қызылорда қаласының әділет басқармасының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп кодексі нормаларын сақтау бойынша ай сайын әңгімелесулер өткізіліп тұрады.
    Аудандық, қалалық әділет басқармалары тарапынан да сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және әдеп кодексі нормаларын сақтау мәселелері бойынша жоспарлы іс-шаралар атқарылған. Олардың қатарында, семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырылып, газет беттерінде жарияланымдар жариялануда.
    2017 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызмет заңының, әдеп кодексі талаптарын сақтау мәселелері бойынша барлығы 66 семинар, 38 дөңгелек үстел, 17 жиналыс өткізілді, 1 бейнеролик түсірілді, сондай-ақ, 47 мақала жарияланды. Қызметкерлермен 12 әңгімелесу жүргізілді.
    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттар бекітіліп, аудандық, қалалық әділет басқармалары мен филиалдарға жолданды, сонымен қатар, департаменттің веб-сайтына жарияланды.
    Қызылорда облысының әділет департаментімен Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-бабы 5-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында ішкі талдау жүргізілді.  
    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері әділет департаментінің интернет-ресурсында орналастырылды.    
    Департаменттің және аудандық, қалалық әділет басқармаларында сенім телефондары жұмыс жасайды. Келіп түскен өтініштер журналға тіркеліп, қойылған сұрақтарға мамандар тиісті жауаптар берілген. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында департаментпен дайындалған видеороликтер қаланың LED экранында және департаменттің ғимаратындағы экранда, сонымен қатар, облыстық телеарна мен «Санжар ТВ» коммерциялық телеарнасында көрсетіліп отыр.
    Әділет департаментімен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жалғасын таба береді.
    Н.ИТЕЛЬГИЕВА,
    Әділет департаментінің
    персоналмен жұмыс және ішкі
    қауіпсіздік бөлімінің бас маманы

28 ақпан 2018 ж. 1 789 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области