Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ӘСКЕРИЛЕР

ЕЛ ҚОРҒАНЫ – ӘСКЕРИЛЕР

Қазақстанда әскер кафедралардың алғашқылары 1934 жылдан бастап негізін қалады. Қазірде еліміздегі жоғары оқу орындарында 29 әскери кафедра Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне запастағы офицерлер дайындайды.
  1999 жылдың 1 қыркүйегіндегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1282 қаулысын жүзеге асыру мақсатында 1999 жылдың 29 қарашасында Қорғаныс министрінің № 190 және Білім және ғылым министрінің № 57 біріккен бұйрығымен өңіріміздегі іргелі жоғары оқу орны Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде әскери кафедраның негізі қаланды. 2000 – 2001 оқу жылынан бастап өз жұмысын бастаған әскери кафедра күні бүгінге дейін үш әскери есептегі мамандықтар бойынша запастағы офицерлер дайындап келеді. 2016 – 2017 оқу жылынан бастап
  «Қаржылық қамтамасыз ету» әскери есептегі мамандығына қыз балалар қабылданды.
  Қызылорда облысында ашылған алғашқы әскери кафедра екені тарих беттерінде жазулы тұр. Кафедраның ашылуына университет ректоры Қ.Бисенов зор ықпал жасады. Алғашқы кірпіші қаланған сәттен әскери кафедраның оқу материалдық – техникалық базасын жетілдіруде, оқу – әдістемелік жұмыстардың жүзеге асырылу барысында кафедраның бірінші бастығы, подполковник Е. Нұртасовтың, бірінші оқу бөлімі бастығы подполковник С.Пактың қосқан үлесі ұшан теңіз.
  Әскери кафедрада запастағы офицерлерді дайындау барысында әр жылдары подполковник Н. У. Увайдаев, майор Б. Ердигаликов, подполковник Б. Б. Қасымов, подполковник З. Р Бурнаев, полковник А. Е. Мырзабай, полковник О. Н. Петроченков, майор А. Қ. Досжанов, аға лейтенант С. Байтугаев, аға лейтенант А. Арыстанбеков, лейтенант А. Герасев өз үлестерін қосты. Қазірге кезде подполковник Н. У. Увайдаев басшылық ететін әскери кафедраның офицерлік құрамы бір шама жаңарды. Айта кетсек подполковник Б. М. Бекниязов, подполковник Ж. Б. Қошқаров, подполковник Ш. Ш. Уксикбаев, майор С. М. Кенжегулов, майор С. Ы. Күнқожаев, майор А. Мырзагулов студенттермен бар білім, білігімен және тәжірибесімен бөлісіп келеді.
  Әскери кафедра құрылғалы, атап айтқанда 2000 – 2008, 2012 – 2016 жылдар аралығында 1750 түлектер запастағы офицерлер, 2009 – 2011 жылдар аралығында 367 түлектер запастағы сержанттар қатарына аттестатталған болатын. 2017 жылы 85 бітіруші студенттер «лейтенант» атағын алып шықты.
  Кафедраның көптеген түлектері Қазақстан Республикасы Қарулы күштері қатарына әскери қызметке шақырылып, әскер қатарында офицерлік лауазымдарда келісім-шарт негізінде қызмет атқаруда. Одан басқа да бір қатар түлектер қаламызда және облыс көлемінде құқық қорғау және төтенше жағдайлар органдарында абыройлы қызмет етуде. Әскери кафедраның түлектері мемлекеттік құрылымдарда еңбекке орналасу басымдылығына ие.
 Әскери кафедрада Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғылары мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің бұйрықтарының талабына сәйкес ішкі наряд қызметі ұйымдастырылады.
  Қызылорда әскер гарнизонында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні мейрамдарына арналған салтанатты іс-шаралар өткізіледі. Дәстүрлі түрде өтетін бұл жиынға әскери бөліммен қатар әскери кафедраның офицерлері мен әскери дайындықтан өтуші студенттер қатысып келеді.
  Әскери кафедраның жылдық жоспары бойынша оқу – әдістемелік жиындар, әскери кафедра отырыстары, оқу – әдістемелік комиссияның отырыстары, кәсіби дайындық сабақтары қарастырылған.
  Оқу үдерісі барысында әр пәндер бойынша оқу сабақтары арнайы кабинеттермен жабдықталған. «Тактикалық дайындық», «Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің тактикасы» және «Зениттік кешендерден атыс және жауынгерлік жұмыстары» пәндері бойынша студенттер білім алып, тәжірбиелік сабақтар оқу полигонында далалық жағдайда жүргізіледі.
Студенттер оқу – жаттығу жиыны барысында Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің № 66597 әскери бөлімінің полигонында атыс қаруларынан бақылау, ату жаттығулары мен нормативтерін орындайды. 2002 жылдан бастап Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің полигонында әскери дайындықты бітіруші студенттермен оқу жиыны өткізіле бастады. Кафедраны бітіруші студенттермен әскери ант қабылдау рәсімі өткізіледі. Алғашқы жылдары әскери ант қабылдау рәсімі 2005 жылдан бастап «Тағзым» алаңында өтсе, 2016 жылдан бері Қызылорда қаласының орталық алаңында өткізіліп келеді. Оқу жиынының соңында студенттер бітіру емтиханын тапсырады.
  Әскери кафедрада оқыту үшін ер балалар арасынан запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша студенттерді іріктеу жұмыстары конкурс негізінде орындалады. Конкурсқа қатысуға күндізгі түрде оқитын студенттер, конкурс өткізу жылында 25 жастан аспаған, сотталмаған Қазақстан Республикасының азаматы жіберіледі. Әскери кафедраға құжаттарды қабылдау 2018 жылдың 20 мамырында, ал медициналық сараптама қорытындысын қабылдау 31 мамырда аяқталады.
Әскери кафедраға оқуға студенттерді қабылдау конкурсы үш кезең бойынша іске асырылады:
1) бірінші кезең - медициналық сараптамадан өту.
2) екінші кезең – кәсіби-психологиялық тест өткізу.
3) үшінші кезең – дене тәрбиесі дайындығын тексеру.
Конкурс қорытындысы қабылдау комиссиясының отырысында қаралады. Талапкер конкурстың әрбір кезеңінен өтуге бір рет қана жіберіледі. Алдыңғы кезеңінен өтпеген оқуға түсуші келесі кезеңге жіберілмейді.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша өтелетін және өтелмейтін негізде оқыту үшін құжаттар бірінші және екінші курс студенттерінен қабылданады (медициналық ЖОО-да екінші және үшінші курстан).
Конкурсқа қатысуға ынталы талапкер әскери кафедраға келіп, бекітілген форма бойынша арыз береді. Әскери кафедра студентке құжатын қабылдағаны туралы қол хат береді. Жетім балалар және ата-анасының қарауынсыз қалған балалар қосымша құжат өткізеді.
Еліне қорған болатын жауынгерлер дайындау – үлкен жауапкершілік. Қай уақытта болмасын халқына аянбай қызмет ететін офицерлеріміз тұтастық кепілі. Ел тыныштығын күзететін жауапты тұлғалардың еңбегі ерен. Кеудесімен қалқан болып, жерін жаудан алып қалған қанша баһадүрлеріміз бар. Баба жолын жалғай алсақ, көшіміз оңды болмақ. Бүгінгі жауынгерлер Баукеңдер танытқан баһадүрліктің нарқын түсірмесе игі. Шен мен шекпеннің шеңберінде емес, ұлттың ұлтарағы болатын ұландарымыз көп болғай!

Биболат ЕРДИГАЛИКОВ,
отставкадағы майор.
Бауыржан ҚОЖАНТАЙ,
әскери кафедра студенті.



09 мамыр 2018 ж. 838 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области