РУХАНИ ЖАҢҒЫРУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫ

- Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында ауданда «Рухани жаңғыру және діни сана» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Шараға елімізге белгілі ғалымдар қатысып, келелі ойларын ортаға салды. Мамыр айында «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасының үміткері Н.Аппазовпен және жоба жеңімпазы, аудармашы, педагог-психолог С.Әбдірахмановамен жастар кездесуі өтті. «Туған жер» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында сырдариялық кәсіпкерлердің қолдауымен бірқатар жобалар жүзеге асырылды. Тереңөзек кенті орталығындағы саябақта орналасқан ескі мешіт ғимаратына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аудандық тарихи-өлкетану музейінің қосымша ғимараты ретінде теңгеріміне берілді. «Құрметті азаматтар» аллеясы мен «Еңбек даңқы» музейіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге қажетті қаржы аудандық бюджеттен және демеушілер есебінен ашылды.
Осы мақаладан туындайтын «Туған жер» бағдарламасы шеңберінде жергілікті кәсіпкер, «Ақжарма және К» ШҚ төрағасы Қайрат Нұрсейітов Ақжарма ауылдық пошта бөлімшесі ғимаратының күрделі жөндеу жұмыстарына 13 млн теңге қаржы бөлді. Жөндеу жұмыстары толығымен аяқталып, пайдалануға берілді, - дейді аудан әкімі Ғанибек Қазантаев.
Аудан басшысының айтуынша Елбасы мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру бойынша аталған жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.