ЖАҢА КІТАПТАР» КӨРМЕСІ
Ә. Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың аванзалында жаңа кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.
Көрмеге 2006 жылы әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын алған Орхан Памуктың «Менің атым Қырмызы», «Сезім музейі» кітаптарының қазақ тіліндегі аудармасы, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың «Тамаша айым - тамызым» атты таңдамалы өлеңдер топтамасы, «Жасөспірімдер кітапханасы» сериясымен шыққан Жұмекен Нәжімеденовтің «Ақшағыл», «Даңқ пен дақпырт», «Кішкентай», Ибрагим Исаның «Сағым дүние», Серік Томановтың «Соғады сен деп жүрегім», Есенқұл Жақыпбектің «Өмір өтті», Рафаэль Ниязбектің «Таңдамалы шығармалар жинағы», Сұлтанәлі Балғабаевтың 2 томдық «Алтын сағымы», Ғұсман Жандыбаевтың 2 томдық «Шығармалар жинағы», тағыда басқа әдеби туындылар қойылды.
«Санаға ой қосатын кітаптар» бөлімінде Н.Нұралиевтің «Байлықтың құпиясы», Дейл Карнегидің «Как прожить яркую жизнь», «Как сделать свою жизнь легкой и интересной», «Как завоевать друзей и оказывать влияние на людей», «Как эффективно общаться с людми», Роберт Кийосакидің «8 уроков лидерства», «Пророчество богатого папы», «Заговор богатых. 8 новых правил общения с деньгами», «Второй шанс», «Неисправедливое преиумущество», «Цель и решения», В.Синельниковтың «Формула жизни. Как обрести личную силу», «Таинственная сила слова. Формула любви» туындылары бар.
Көрмедегі «Денім сау болсын десеңіз» атты 3-ші бөлімде Б.Болотов пен Г.Погожевтың «Лечение желудочно-кишечного тракта по Болотову», А.Мясниковтың «Вектор страха: как перестать бояться рака и защититься от него», «Как жить дольше 50 лет: честный разговор с врачом о лекарствах и медицине», М.Трифонованың «Как жить, чтобы быть стройной и здоровой», А.Г.Пучконың «Открытия будущего.Многомерная медицина: система, самодиагностики и самоисцеления человека», М.Гогуланның «Попращайтесь с болезнями», «Книга от боли», тағы басқа денсаулық жолы, аурулардың алдын алу, адам денсаулығын күту, салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты көптеген кітаптар қойылды.
«Таңғажайып кітаптар» бөлімінде зияткерлік технология негізінде әзірленген «Халық жыры», «Халық тағылымы», «Билер сөзі», «Аталар сөзі», «Нақыл сөз», «Халық әні», «Бесік жыры», «Домбыра күйі», «Қобыз үні», «Халық аңызы», «Халық ертегісі», «Даналық кітабы» кітаптарынан топтасқан «Даналық әліппесі» ұсынылды.
Сондай-ақ, бұл бөлімде кішкентай бүлдіршіндерге арналған әр-түрлі жанрдағы заманауи үлгіде жасалған көркемсуретті кітаптар ұсынылды.