Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚҚА БАСТАМА

ЛАТЫН ӘЛІПБИІ – БОЛАШАҚҚА БАСТАМА

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылға дейін латын әліпбиіне көшу міндетін қойды және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты. Бұл – болашаққа батыл қадам жасап, елімізді бүкіл әлемге танытып келе жатқан Елбасының маңызды бастамаларының бірегейі және тіліміздің болашағы үшін жасалған маңызды шара. Еді көп кешікпей егемен еліміздің латын әліпбиіне көшетіні айқындалды.
Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты ЗК-169/1 мекемесінде мекеменің жеке құрам қызметкерлері бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналған «Латын әліпбиіне көшу» тақырыбында жиын өтті. Оған Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерекешова, оқытушысы Л.Ортаева,ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова қатысты.
Облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерекешова мекеме қызметкерлеріне латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы туралы терең мағлұмат берді. Сонымен қатар, латын әліпбиіне көшудің тиімді де пайдалы тұстары туралы тарқатып айтты.
Қызылорда облыстық тілдерді оқытудың өңірлік орталығының оқытушысы Л.Ортаева жаңа әліпбиге қатысты ой-пікірін төмендегіше қорытты:
«Елбасының латын әліпбиіне көшу саясатын қолдаймыз. Себебі, біріншіден, латын әліпбиіне көшудегі негізгі ұтымдылық - тіл ауыспай, таңбаның ауысуы. Екіншіден, қарапайым тілмен жеткізсем, сөзді немесе дыбысты қалай естісек, жазылуын да солай жазамыз.
Бұл болашаққа батыл қадам жасап, елімізді төрткүл дүниеге танытып келе жатқан Елбасының тағы бір маңызды бастамаларының бірі және дер кезінде қозғалған тіліміздің болашағы үшін жасалған ғылыми маңызды шара деп білеміз», - деді ол.
Соңында орталық мамандары жеке құрам қызметкерлерінің сұрақтарына толықтай жауап берді

А.БИТАЕВА,
ЗК-169/1 мекемесінің мемлекеттік
тілде аудармашысы
Қызылорда қаласы

06 маусым 2018 ж. 1 088 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области