Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЛАТЫН ӘЛІБИІНЕ КӨШУ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ ҚАДАМ

ЛАТЫН ӘЛІБИІНЕ КӨШУ – МӘҢГІЛІК ЕЛГЕ ҚАДАМ


    Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін және болашақта барлық саладағы іс-қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін қадап айтты.
    Елбасы Жарлығымен қазақ алфавитінің латын қарпіндегі нұсқасы белгіленді. Осы мақсатқа жету үшін жұмысты жүйелеу міндеттелді.
    «Қаз Ғарыш Сапары» АҚ ғимаратының мәжіліс залында «Латын әлібиіне көшу – Мәңгілік елге қадам басу» тақырыбында өткен отырыста осы міндетті еңсерудің жолдары талқыланды.
    Отырысқа ҚР Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы, «Нұр Отан» партиясының Байқоңыр қалалық филиалы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының қалалық бөлімшесі, Байқоңыр қалалық Ардагерлер кеңесі, «Халықаралық Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі Байқоңыр филиалы өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.
    Басқосуда осы міндетті жүзеге асырудың шараларына қоғам болып атсалысу қажеттігі баса айтылды.

02 қараша 2017 ж. 917 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области