Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РУХАНИ КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕ ТҮСЕДІ

РУХАНИ КӨКЖИЕГІМІЗДІ КЕҢЕЙТЕ ТҮСЕДІ



     Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасының мәжіліс залында латын әліпбиіне көшуге байланысты жиын өткізілді. Оған қаладағы Іскер әйелдер қоғамы,  «Атамекен» кәсіпкерлерді қолдау орталығы, «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі, ардагерлер кеңесі өкілдері қатысты.   
    Жиында латын әліпбиінің жаңа нұсқасы таныстырылып, оның рухани көкжиегімізді кеңейте түсетіндігі айтылды.
    Шарада Елбасымыз қабылдаған латын әліпбиіне көшу туралы Жарлық Қазақстан Республикасындағы ең үлкен оқиғаның бірі екендігі сөз болды. Бұл әліпбиді қазір дүниенің 90 пайызы пайдаланады. Осындай қауымдастықтың ішінде Қазақстан да жүруі керек. Оның үстіне латын әліпбиін қолдану тәжірибесі бізде өткен ғасырдан бар. 1929-1940 жыл арасында біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы жазуды қолданған болатын.
    Басқосуда жаңа әліпбиді қолданысқа енгізу бойынша жүргізілетін жұмыстарда кедергілер болмауы тиістігі аталып өтті.   

30 қазан 2017 ж. 661 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области