«КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК» КЕДЕРГІНІ ЖЕҢУІ ТИІС
Қызылордалық нұротандықтар «Кедергісіз келешек» партиялық жоба аясында қаладағы бірқатар әлеуметтік қызмет көресту мекемелерінің мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін бейімделуіне бақылау жүргізді. Бұл жолы қадағалауға статистика департаменті, облыстық қазынашылық басқармасы, облыстық телекоммуникациялар дирекциясы, облыстық прокуратура, облыстық тарихи-өлкетану мұражайы ілікті.
«Елбасы, «Нұр Отан» партиясының Төрағасы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдайды жақсарту мәселесіне әрдайым назарын аударып келеді. Осыған орай өңірде арнайы «Жол картасы» әзірленді. Сондықтан, мүмкіндігі шектелуі азаматтар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда ғимараттарды қайта жабдықтауға қатысты бақылауды үнемі жалғастырып, жұмыстың талапқа сәйкестігін тек-сереміз» дейді қоғамдық бақылау тобының мүшесі, «Ұшқын» Қызылорда мүгедектерінің оқу-өндірістік кәсіпорнының заңгері Талғат Жүсіп.
Жұмыс тобының мүшелері статистика департаменті мен облыстық телекоммуникациялар дирекциясындағы талаптардың сақталуына қанағаттанарлық, ал облыстық прокуратурадағы мүмкіндігі шектелуі азаматтар үшін жасалған жұмыстарға өте жоғары деген баға қойды.
Аталған топ бұған дейін қала ішілік азаматтар тасымалы қызметімен айналысатын автокөліктердегі мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған нормативтік жұмыстардың сақталуына бақықлау-тексеру жұмыстарын жүргізген.
–Тексеру жұмыстары барысында жасалған кемшіліктер бүгінде нәтижелі жүзеге асырылып жатыр. Алдағы уақытта мүмкіндігі шектеулі жандар үшін барлық нысандар қол жетімді болады деген үміттеміз, - дейді «Нұр Отан» партиясы Қызылорда қалалық филиалының консультанты Мансур Төлеқожа.