"КЕДЕРГІСІЗ КЕЛЕШЕК" ПАРТИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА
Жаңақорған аудандық білім бөлімінің жанындағы педагогикалық психалогиялық түзету кабинетінің ұйымдастыруымен "Ордакент" ардагерлер, жастар ресурстық орталығында "Кедергісіз келешек" партиялық жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балалардың қатысуымен "Жүрек жылуы" атты өнер фестивалі өтті.
Фестивальді тамашалағандар талапты өрендердің өнеріне қуана қол соқты.
Шарада "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалының кеңесшісі Н.Жахудаев пен Жастар ресурстық орталығының аға кеңесшісі Н.Айдаров өнер көрсеткен балаларға "Алғыс хаттар" мен сый - сияпаттар табыстады.