Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ


Біздің мемлекетімізде сыбайлас жемқорлықпен күресуге бағытталған негізгі нормативтік құқықтық акт – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды. Сонымен қатар Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы жасалып, ол қоғам өмірінде сәтті түрде жүзеге асырылуда.
Мемлекет басшысының бұл мәселеге қатысты бірнеше Жарлықтары қабылданды. Бұдан да бөлек Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында бұл мәселеге ерекше тоқталатынын да атап айтсақ болады.
Жалпы, сыбайлас жемқорлық өте қауіпті жағымсыз әлеуметтік көріністердің бірі болып табылады. Ол экономикалық заңдардың еркін әрекетін біршама деңгейде шектейді және еліміздің әлемдік қоғамдастық алдындағы беделін төмендетеді, еліміз үшін пайдалы шетелдік инвестициялардың жолындағы басты кедергілердің бірі болып табылады.
Жемқорлық – жай ғана құқық бұзушылық емес, ол мемлекетке деген сенімді сетінетіп, ұлттық қауіпсіздігімізге қатер төндіретін кесел. Осыған байланысты мемлекеттік қызметтегі кез-келген азамат адамгершілік арына дақ түсірмей антына адалдық танытуы тиіс.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекетіміздің дамуына қосылған үлес. Ал біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ.  
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын, нигилизмді жоятын, құқықтық түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор деп есептейміз. 

А. ИСКАКОВА,
Қызылорда облысы ветеринария
басқармасының әкімшілік және
қаржылық бөлімінің бас маманы
24 шілде 2018 ж. 1 858 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области