СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС – ҰЛТТЫҚ МІНДЕТ

Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси тұрақтылығын нығайтып, азаматтар мен жалпы қоғамның құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін заңға қарсы әрекеттерден қорғау деңгейін көтеруге жол береді.
Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге өзінің біртұтастығымен, ажырамас бірлігімен танылдық. Бүгінде Елбасымыздың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар мен іс-шаралар қабылданып, ел экономикасы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады.
Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ. Қоғамның барлық күш-жігерін біріктіріп, осы дерттің одан әрі дамымауы үшін оны тоқтатудың барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа қарсы тұруға болады.
Н.САҒЫМБАЕВ
Қызылорда облысы бойынша ішкі
мемлекеттік аудит департаментінің
жетекші маманы