ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫҢ ӘЛЕУЕТІ

Мәселен, Жалағаш ауданы бойынша жыл басынан бері 354 жаңа жұмыс орындары ашылып, 571 адам жұмысқа тартылған. Ал статистика мәліметтеріне сәйкес екі қолға бір күрек таппай жүргендердің қатары әлі де 5 пайыздан асып жығылады екен. Өткен жылдары осы мәселенің түйінің шешуді көздейтін «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы әзірленді. Бұл құжат іс жүзінде іске асырылғаннан бері кент және алыс-жақын ауылдағы жұмыссыз жүрген ағайындар кәсіп ашып, бастаған істерін одан әрі дөңгелетуге кірісті.