Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әлеуметтік желілерді бақылауға 1,7 миллиард теңге бөлінген

Әлеуметтік желілерді бақылауға 1,7 миллиард теңге бөлінген

Kyzylorda-news.kz. Елімізде интернетті бақылау үшін жаңадан автоматтандырылған жүйе енгізілмек. Оны құрастырып шығару үшін республикалық бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлініп қойған, деп жазады KTK.KZ.

Ақпарат министрі Дәурен Абаевтың айтуынша, сол жүйені ақпараттық кеңістігімізге енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Өйткені елде мәліметтер легі тым көп. Әлеуметтік желілер, мессенджерлер, телеарна мен газет, радио секілді ақпарат тарату көздері де әлдеқайда көбейген. Соның ішінде суицид, лаңкестік пен діни экстремизм, зорлық-зомбылық сияқты тыйым салынған мәліметтерді шектеу мүмкін болмай барады. Былтырдың өзінде осындай заңға қайшы келетін 120 мың интернет-ресурс, яғни сайттар мен порталдар жабылған. Оның бәрімен енді автоматтандырылған жаңа жүйе айналыспақ.
«Қазақстанда тыйым салынған ақпараттың бәрін жоямыз. Оларға қатысты шара қолдану үшін жиналған мәліметтерді Бас прокуратураға, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті және Қауіпсіздік кеңесіне береміз. Жалпы жүйені күзде сенаторларға таныстырамыз деп отырмыз», - дейді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.


07 маусым 2019 ж. 305 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области