1 шілдеден бастап сатып алуларға қатысуда индустриялық сертификат талап етіледі
Kyzylorda-news.kz. Жиһаз және жеңіл өнеркәсібінің кәсіпорындары мемлекеттік сатып алуларға индустриялық сертификатпен ғана қатыса алады.
ҚР Қаржы министрлігі мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру ережелеріне тиісті өзгертулер енгізді. Олар 1 шілдеден бастап күшіне енеді.
Өзгерістерге сәйкес «қарапайым заттар экономикасы» тауарларының сатып алуларына білікті жеткізушілер тізілімге енген өндірушілер ғана қатыса алады. Тізілімге енудің жалғыз критериі – «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен берілетін индустриялық сертификатты иелену.
Бірінші кезекте ережелерге жасалған өзгертулер жиһаз өнеркәсібі және жеңіл өнеркәсібі кәсіпорындарына қатысты болмақ, олар үшін сатып алулар алдын ала біліктік іріктеумен қоса байқау әдісімен жүзеге асырылып, индустриялық сертификат сұралады.
Индустриялық сертификаттың болуы кәсіпкерлерге бірқатар артықшылық береді. Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алуларға қатыса алу; «Самұрық-Қазына» холдингінің тауар өндірушілер тізіліміне қосу; «Самұрық-Қазына» қорының алдын ала біліктілік іріктеуінде жиналған баллға 20% есептеу; сыртқы нарықта отандық тауар, жұмыс, қызмет түрлерін ілгерілетуге кеткен шығындарды өтеледі.
Бүгінгі таңда «Атамекен» ҰКП индустриялық сертификат алған отандық тауар өндірушілерге жеңілдіктерді кеңейту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.
«Сертификатты алу процедурасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде салалық қауымдастықпен ұсынылған сарапшы кәсіпорын тапсырған құжаттар топтамасын қарап шығады, кейін өндірістің жағдайына барып, талдау жүргізеді де берілген мәліметтерге сәйкестігін салыстырады. Сарапшы өндірісте болып, мәлімделген тауар, жұмыс, қызмет номенклатурасын шығаруға мүмкіндікті бағалап, тиісті біліктіліктегі қызметкерлер санын, өндірістік жабдық, өндіріс технологиясын тексереді. Талдау нәтижесі бойынша тауар, жұмыс, қызметті өндіру мүмкіндігін және мәлімденген өндірістік қуаттылықты растайды.
«Екінші кезеңде салалық сарапшының қабылдаған шешімі негізінде «Атамекен» Өңірлік кәсіпкерлер палатасы жергілікті атқарушы органның қатысуымен өндіріске тексеру жүргізеді, лицензиялар, рұқсат қағаздар, сәйкестікті бағалау туралы құжаттар, салықтық есептілік, техникалқ қауіпсіздікті ұстануын бағалап, кәсіпорын қызметкерлерді оқытуды жүргізе ме, сонымен қатар ұйым мемлекеттік сыйлықтар мен гранттарды алғанын тексереді. Осылайша, кәсіпорын кезең-кезеңді бақылауды өтеді, нәтижесінде отандық тауар өндірушілердің тізіліміне енгізіледі», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаменті директорының орынбасары Эльмира Оразова.
Отандық өндірушілер тізіліміне қосылу үшін:
•Электронды сандық қолтаңба арқылы doc24.kz сайтында тіркеу;
•Жеке кабинетте өтінім және электронды құжаттар топтамасын өндірістің территориялық орналасуы бойынша Өңірлік кәсіпкерлер палатасына жіберу қажет.
Ережелер және индустриялық сертификатты беру процедурасы туралы толық ақпаратты алу үшін ҚР ҰКП Өңдеу өнеркәсібі департаментіне хабараласуды сұраймыз: +7 (7172) 919-359.