Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Тілді насихаттаймыз»: Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты

«Тілді насихаттаймыз»: Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты

Kyzylorda-news.kz. Ресейде тоғызыншы сынып оқушысы қазақ тілінде ақпарат тарататын радио ашты. Енді Омбы қаласының тұрғындары таза қазақ тілді ақпараттарды онлайн режимде тыңдай алады, деп хабарлайды NUR.KZ.

Аталған игі бастамаға мектеп оқушысы Илья Гальцов мұрындық болған.
Ресейлік жасөспірімнің сөзінше, ол жазғы демалыста, Қазақстандағы ата-әжесінің үйінде жүрген кезде, қазақ тіліне деген қызығушылығы арта бастаған.
«Радио арқылы біз қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттаймыз. Қазір грант байқауына қатысып жатырмыз. Кейін бүкіл Ресейге жарияланатын әуе толқынды алғымыз келеді. Нәтижесінде Ресейдің кез келген жерінде жүрген қазақтар ана тілін жаттап, тарихи отаны жайында бүкіл жаңалықтардан хабардар болады», - дейді радио директоры Илья Гальцов.
Қазіргі таңда онлайн режимде жұмыс істеп тұрған радио қазақ тіліндегі жаңалықтар мен әндер жариялайды.
Жуырда Илья Гальцов радиоға қазақ тілі курстарының аудио нұсқасын енгізуді жоспарлап отыр. Оның сөзінше, әзірге радионы күніне 300-ге жуық адам тыңдайды екен. Жасөспірім тыңдармандардың аясын кеңейту үшін жеке әуе толқынына ие болып, оны бүкіл Ресейге таратуды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, бүгінде тек Омбы облысының өзінде 80 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады.

11 маусым 2019 ж. 327 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области