Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Бейбіт елден береке кетпейді

Бейбіт елден береке кетпейді

Қазақстанда осы уақытқа дейін талай өзгеріс, саяси оқиғалар орын алды. Барлығы ел игілігі үшін, жарқын болашаққа, кемел келешекке күні бүгіннен жасалған қадам. Биылғы жыл да еліміз үшін жаман болмады. Дамудың даңғыл жолына түскен мемлекетімізде тарихи оқиға болды. Яғни, кезектен тыс Қазақстан Президенті сайлауы өтті.

Бұл жолғы сайлауға қазақстандықтардың басым көпшілігі атсалысып, өз таңдауларын жасады. Мен де таңдауымды жасадым. Елдің ертеңі үшін жасалып жатқан саяси шаралардың маңызы зор деп білемін. Орталық сайлау комиссиясының мәлімдемесі бойынша ең көп дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаев. Ел болашағы үшін қабылданған шешімді дұрыс деп санаймын. Ел Президенттігіне үміткерлердің бәрі тәуелсіздігіміздің тұғырлы, егемендігіміздің мәңгілік болғанын қалаған еді. Ендігі жерде көпшіліктің дауысымен жеңіске жеткен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жас мемлекетімізді өркендету, дамыту жолында, халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеру турасында нақты әрі тиімді шешімдер қабылдайтынына үміт артамыз. Ол кісі өзінің мәлімдемесінде де осыны сөз еткен болатын. Халықтың тұрмыс сапасы, жалақы мәселесі ауыз су және тағы басқа да көптен түйіні тарқатылмай жүрген өзекті мәселелерді дер кезінде қолға алатынын жеткізді. Осы уақытқа дейін тек бірлік пен татулықты ту еткен елімізде бұдан әрі қарай да тек бейбітшілік бола берсін дейміз. Біздің тілегіміз бейбіт елдің берекесінің кетпегені. Ел ішінде тыныштық орнай берсін.
Дина МИРМАН,
«Жалағаш – достық мекені» қоғамдық бірлестігінің төрайымы.
13 маусым 2019 ж. 400 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области