Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 14 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

14 маусым: Атаулы күндер мен оқиғалар

Дүниежүзілік донорлар күні.
2005 жылғы
мамырда өткен Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ассамблеясында әлем денсаулық сақтау министрлері өз еркімен қан тапсыруды қолдау туралы өтінішті қабылдады. Бүкіләлемдік қан тапсырушы күнін жыл сайын маусымның 14-інде өткізіп тұруға қарар қабылданды.

1997 жылы Исламабад қаласында Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ғасырлар тоғысында» кітабын таныстыру рәсімі болды.

2000 жылы Астанада бірінші халықаралық «Транзит-Транс-Қазақстан-2000» көлік көрмесі ашылды. Көрмеге халықаралық 50-ге жуық көлік компаниясы қатысып, оған әсіресе Ресей, Қытай, Латвия, Швеция, Эстония мемлекеттері ерекше қызығушылық білдірді.

2000 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті жаңа кешенінің іргетасы қаланды.

2011 жылы Қазақстан аумағында Еуразиялық экономикалық қауымдастықтың 10 жылдығына арналған көркем марка пошта айналымына түсті. Онда ЕурАзЭҚ логотипі мен қазақ тіліндегі мәтіндік композициясы берілген. Марка офсетті әдіспен 4 түрлі бояуда орындалған, номиналы - 32 теңге, көлемі - 28х30 мм, таралымы - 50 000 дана, суретші - Данияр Мұхамеджанов.

2013 жылы Ташкент қаласының орталығында қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткіші қойылды. Қоладан құйылған мүсіннің биіктігі - 9,20 метр.
14 маусым 2019 ж. 510 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области