Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайды?

2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайды?

Kyzylorda-news.kz. «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ төрайымы Ләззат Ибрагимова «Бақытты отбасы» бағдарламасы қашан басталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Склярдың есептік кездесуінде «Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі» АҚ төрайымы 2 пайыздық ипотека қашан беріле бастайтынын мәлім етті.
«Бақытты отбасы» бағдарламасы осы айдың соңында немесе келесі айдың басында іске қосылады. Ол үшін алғашқы қаражат бөлінді. Ілкі жоба аясында Алматы қаласының әкімдігі бізге 3 млрд теңге бөлген болатын. Бүгінге дейін 98 алматылық отбасы осы 2 пайыздық ипотекамен үй алды. Бұған қоса жергілікті әкімдік 1 млн теңгеге дейін тұрғын үй сертификаттарын табыстады. Алматы қаласы бойынша тағы 233 өтініш түсті. Ол өтініштің бәрі мақұлданды», - дейді банк басшысы.
Ләззат Ибрагимова қалған облыстарда мұндай несие алдағы 2 аптаның ішінде қолға алынатынын айтты.
«Қаржы министрлігінен біздің банк есебіне қаржы түскенін күтіп отырмыз. Қаржы түскен күні-ақ «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша баспана бере бастаймыз. Бұл істің мейлінше ашық жүруін қамтамасыз етеміз. Пәтер алушы адаммен келісімшарт жасау кезінде ипотека иесінен аты-жөнін бағдарлама қатысушысы ретінде тізімге енгізуге келісім аламыз. Осының арқасында қай облыста кімнің 2 пайыздық ипотека алғанын бәрі көріп отырады», - деді банк төрайымы.

13 маусым 2019 ж. 372 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области