Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма?

ҰБТ тапсыру форматында өзгеріс бар ма?

Kyzylorda-news.kz. Биыл елдегі мектеп бітіруші түлектердің 71,6 пайызы Ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Білім және ғылым министрлігіне сілтеме жасап.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, жалпы, ҰБТ-ны тапсыру форматы бұрынғыдай қалады. Дегенмен, оны өткізу процесін жетілдіру, тестілеуге қатысушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында бірқатар жаңашылдықтар енгізілген.
«2019 жылдан бастап ҰБТ жоғары оқу орнына ақылы негізде түсу үшін жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым, тамыз) өткізіледі. Әр тапсырған сайын талапкерге түрлі бейіндік пәндер комбинациясын таңдау мүмкіндігі беріледі. Ал грант конкурсына қатысу үшін оқуға түсуші маусым айында өтетін ҰБТ-ны тапсыруы қажет», - делінген министрліктің ақпаратында.
Биыл мектеп бітіретін 96 380 түлек маусым айында өтетін ҰБТ-ға қатысу үшін өтініш берген. Бұл жалпы мектеп бітірушілердің 71,6%-ін құрайды.
«Шет тілін меңгергендігін растайтын TOEFL, IELTS халықаралық сертификаттарының шекті балы бар талапкерлер «Шет тілі» (ағылшын тілі) пәні бойынша тестілеуден босатылады», - дейді министрліктегілер.
Биылғы жылдың тағы бір жаңалығы ақылы оқуға түскісі келетіндерге қатысты болып отыр. Бұған дейін жоғары білім алуға ниеттілердің бәрі ҰБТ тапсыруға міндетті болса, биылдан бастап ақылы негіздегі бірнеше санатқа бұл міндеттілік жүрмейді.
Атап айсақ, қысқартылған оқу мерзімімен ақылы оқуға ниеттілер кәсіптік-техникалық немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының түлегі болса, ҰБТ тапсырудан босатылады.

14 маусым 2019 ж. 377 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области