Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Он саусағынан айырылған Оңдашбайдың қолөнер шеберханасы

Он саусағынан айырылған Оңдашбайдың қолөнер шеберханасы

Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қазалы ауданы Абай ауылының тұрғыны Оңдашбай Өтеміс ашқан қолөнер шеберханасының бұйымдарына сұраныс жоғары. Он саусағы болмаса да қолөнершілікпен айналысатын Оңдашбайдың дайындаған бұйымдары әп-сәтте өтіп кетеді.

Алғашында ауылдастарының ғана тапсырысын орындап жүрген ісмер мемлекеттің қолдауының арқасында кәсібін кеңейтті. Өткен жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік грантқа қол жеткізді. Мемлекет берген қайтарымсыз 900 мың теңгеге күнделікті тұрмыста қолданылатын былғарыдан және маталардан тігілетін бұйымдарды тігуге арналған өндірістік тігін машинасын сатып алды.
«Шеберханамда мәсі, көрпе, жастық, тымақ, жабу, құйысқан, жүген, тоқым, айыл, киіз үй жабдықтары мен басқа да бұйымдарды тігемін. Осы өнерге жастайымнан құмар болғанмын. Көбінесе құлақшын, тымақ тігетінмін. Біраз жыл бұрын қаңтардың қатты аязында далада мал бағып жүріп, аттан құлап қалғанмын. Содан саусақтарым үсіп кетті. Амал жоқ, он саусақты дәрігерлер кесіп тастауға мәжбүр болды. Басыма түскен бұл ауыртпалықтың жаныма батқаны рас. Бірақ аяққа тұру керек болды. Ескі кәсібім тігіншілікті қолға ала бастадым. Шүкір, қазыр мемлекеттің қолдауына ие болып, кәсібімді кеңейтіп жатырмын», – дейді кәсіпкер.
«Еңбек етсең емерсің» дегенді естен шығармайтын Оңдашбай жаз шықса бақша егіп, қорада аз-маз мал ұстайды. Осылайша өзінің төрт баласын асырап, ел қатарлы өмір сүріп жатыр.

17 маусым 2019 ж. 352 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области