Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ШАҒЫН КӘСІП – ЕЛГЕ НӘСІП

ШАҒЫН КӘСІП – ЕЛГЕ НӘСІП

Шағын және орта бизнесті дамытуда мемлекеттік бағдарламалардың көмегі зор. Мемлекеттік бағдарламалар арқасында өз кәсібін ашып, шаруасын дөңгелеткендердің саны артуда. Қызылордалық Эльмира Мақтабаева солардың бірі.
Бұл іске ол жастайынан құмар болыпты. Оқушы кезінде-ақ тігінмен айналысып, үйдің тұрмысына қажетті көрпе, жастық, құрақ көрпешелерді өзі тігіп алатын. Кейінгі бірнеше жыл үйінде жұмыссыз отырған жан тігіншілік өнерін жеке кәсіпке айналдырып, бизнесін ашуды ойластырады.
Алдымен Қызылорда облыстық кәсіпкерлер палатасынан кеңес алған мақсаткер жан «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы арқылы 3 млн. теңге несие алады. Осылайша тігін цехын ашып, жұмысын бастайды.
«Өзімнің қолымнан келгенінше жұртшылыққа қызмет көрсетіп жатырмын. Оның көп пайдасы бар екен. Тіпті қарамағыма екі жұмысшы алдым. Біреуі тігін тігеді, екіншісі берілген тапсырысты реттеп отырады. Осылайша өз кәсібімізді жасап жатырмыз», - дейді Эльмира Мақтабаева.
Ісмер әйел әзірге тігін цехын өз ауласынан ашып, жұмыс жасауда. Алған несие қаражатына 4 тігін машинасын, мата, ине-жіп секілді қажетті құрал-жабдықтар алған. Тігін шеберханасында ісмерлер жастық, жастық қап, көрпе, көрпе қап сияқты тұрмысқа қажетті заттарға тапсырыс қабылдайды. Жаңадан ашылған тігін цехы үшін бұл үлкен жетістік.
Тасбөгет кентінде орналасқан шағын цех бүгінде өз тұтынушыларын тауып, ашылғанына аз уақыт болса да келушілер көбейген. Одан бөлек, балабақша, ауруханалардан тапсырыс алып, еңбегінің жемісін көруде. Кәсіпкердің алдағы жоспары орталықтан перде тігетін шеберхана ашу. Ең басты мақсаты кәсібін кеңейтіп, қазіргі цехты үлкен тігін шеберханасына айналдыру. Талабаңа жет, кәсіпкер!


23 тамыз 2018 ж. 710 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области