Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкерлер палатасына 5 айда құқығын қорғауды сұраған 168 өтініш түскен

Кәсіпкерлер палатасына 5 айда құқығын қорғауды сұраған 168 өтініш түскен

Kyzylorda-news.kz. Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов 2018 жылы «Атамекен» мен Агенттік арасында қабылданған Өзара ынтымақтастық жөніндегі Жол картасы аясында 5 бағыт бойынша жұмыс жүргізілгендігін мәлімдеді.

Жол картасы кәсіпкерлер үшін болуы мүмкін жемқорлық тәуекелдері мен проблемаларды анықтап, нақты оны жоюға бағытталған.
Жол картасы аясында жүргізілген талдау бес бағытта ауылшаруашылығы, сәулет және қала құрылысы, табиғи монополияларды реттеу, экология, техникалық реттеу салаларында жүргізіліп, әрбір салада негізгі түрлі тәуекелдер анықталды.
Ауылшаруашылығы саласында ветеринарлық-санитарлық талаптарға сәйкес емес тауарларға рұқсат беруде, сәулет–құрылыс саласында құрылысқа лицензия беру, жер саласында жер учаскесіне жалдау құқығын беруде анықталды.
Техникалық реттеу саласында ұлттық техникалық регалменттерді әзірлеу үшін тапсырыстарды бөлуде және тауардың сәйкестілігін растайтын сынақ лабораториялары мен аккредитациядан өткен ұйымдардың қызметіне бақылау жүргізу бойынша біршама тәуекелдер белгілі болды.
Ал, Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау саласында негізінен бұл талаптарды бұзған тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тартуда анықталса, экология саласында өндірістік экологиялық бақылау жүргізу мен аудит өткізу барысында келтірілген экологиялық шығын көлемін төмен көрсету мүмкіндігі ретінде орын алатыны белгілі болды.
«Атқарылған жұмыстардың жемісін нақты мысалдармен келтіретін болсақ, Агенттікпен бірге берілген ұсыныстардың нәтижесінде мемлекеттік экологиялық сараптама жасау мен қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру қызмет түрлері біріктірілді. Осының арқасында кәсіпкер бұрынғы шығындайтын 150 күн орнына мерзім 45 күнге дейін қысқарды. Табиғат пайдаланушылар үшін «Е-лицензия» порталында кемшіліктерді түзеп рұқсат алуға қайта құжат өткізу мүмкіндігі жасалды», - деді Палата басшысы.
Кәсіпкерлер палатасының директоры Палатаға жыл сайын құқығын қорғауды сұрап өтініш білдірушілердің саны артқандығын да айтып өтті.
2018 жылдың 5 айында Палатаға бизнесті қорғау бойынша 137 өтініш түссе, осы жылдың 5 айында 168 өтініш тіркелген, яғни көрсеткіш 18 пайызға артқан.
«Бұл әрине Палатаға деген кәсіпкерлердің сенімі артқандығын білдіреді. Дегенмен, өтініштер санының артуы бір жағынан біз үшін сигнал, яғни бизнес өкілдеріне жұмыс жасауға әлі де кедергі жасаушылардың көп екендігін көрсетеді», - деді Ғалымбек Жақсылықов.
Өтініштердің құрылымына жасалған талдау мынаны көрсетіп отыр. 2018 жылдың 5 айында түскен өтініштердің 17 пайызы сатып алуларға, 13 пайызы жер мәселесі, 10 пайызы сәулет, құрылыс салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне келеді. Осы жылы түскен өтініштердің басым бөлігі сәулет, құрылыс салаларындағы жергілікті атқарушы органдардың әрекетіне қатысты болып отыр.
Аталған мәселелерді шешуде Палата жанындағы Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес айтарлықтай себепші болуда. Осы жылы кеңестің 5 отырысы өткізіліп, 6 кәсіпкердің мәселесі оң шешілген.
18 маусым 2019 ж. 354 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области