Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ


    Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов пен  Қызылорда облыстық сотының төрағасы Қамбар Нұрышев заң үстемдігі, әділдік пен ашықтықты сақтау қағидаларына негізделген кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласындағы ыңтымақтастық аясында жұмыс жасау мақсатында Меморандумға қол қойды.
    Меморандум аясында қос тарап бірлескен консультациялар, талдау жүргізіп, нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын қолданыстағы заңнамаға ұсыныстарды әзірлейді.
    Сондай-ақ, кәсіпкерлер қызметіне қатысты құқық қолдану практикасын зерделеу мен түсіндіру мақсатында өзара келісу бойынша кездесулер, консультациялар, мәжілістер, ғылыми-практикалық конференциялар (бейнеконференцбайланыс) мен семинарлар жүргізеді. Қажет болған жағдайда тараптар кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қозғайтын заңнаманы бұдан әрі жетілдіру шеңберінде өзекті мәселелер бойынша бірыңғай көзқарас тұжырымдау үшін жұмыс топтарын құруды көздеп отыр.
    Есепті кезеңде Палатаға заңгерлік көмек сұраған кәсіпкерлерден 300  өтініш түсті. Оның ішінде 174-і нақты құқығын қорғауды сұраған өтініштер. Оның бүгінде 94-і оң шешілді.
    Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері осы жылдың 10 айында кәсіпкерлердің құқығын қорғау бойынша 56 сот процесіне қатысып, оның 85 пайызында іс кәсіпкерлердің пайдасына шешілген. Нәтижесінде бизнес өкілдерінің 300 млн.теңгеден астам қаржысы сақталып қалды.
    Қызылорда облысы
    кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі

22 қараша 2017 ж. 818 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области