СОТТАР ӘКІМШІСІ ЕКІ ОҚУ ОРНЫМЕН ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Қызылорда облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысы А.А.Жұмамұратов пен Қазақ гуманитарлық заң және техникалық колледжінің директоры М.Ш.Тобашов өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Рәсімге облыстық соттың кеңсе меңгерушісі, бөлім басшылары және қала орталығында орналасқан соттардың кеңсе меңгерушілері қатысты.
Меморандумның мақсаты Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында : қоғамдық келісім, саяси тұрақтылық және халықтың игілігі үшін экономикалық дамудың негізгі қағидаларын сақтай отырып, демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде Қазақстанды дамыту жолын таңдау, қоғамның биік, заңды мәдениетін құруға бағытталған ұлттық стратегиялық бағдарламаларды жүзеге асыру, Тараптардың қызмет бағыттары бойынша өзекті мәселелерді шешу соттардың білімін үздіксіз арттыруды тереңдету, халықтың құқықтық мәдениеті мен сауаттылығын көтеру, колледж оқушыларына өндірістік сабақ өтуіне, экскурссиялар жасауға, оқу-танысу және өндірістік іс-тәжірибелерді облыс соттарында оқу бағдарламасына сай өтуіне ықпал жасау, жас мамандарды жұмыспен қамту, қоғамның әлеуметтік жаңғыртылуы үшін іс-шараларды іске асыру болып табылады.
Шара барысында сөз алған Соттар әкімшісінің басшысы А.Жұмамұратов, оқытушылардың және оқушылардың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша ашық сот отырыстарына кедергісіз қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ету, оқушылардың оқу-танысу және өндірістік іс-тәжірибелерін облыс соттарында өткізуді ұйымдастыру сынды мәселелер меморандум аясында шешімін тауып отыратынын айтты.
Өз кезегінде колледж директоры М.Ш.Тобашов аталған бастамаға өз ризашылығын білдіріп, меморандум шеңберінде тығыз байланыста жұмыс жасауға дайын екендігін жеткізді.
Қатысушылар аталған Меморандум қол қоюшы тараптар арасындағы оң жұмыстың бастамасы болатынына сенім білдірді.