Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда перинаталдық орталығы жаңа құрал-жабдыққа ие болады

Қызылорда перинаталдық орталығы жаңа құрал-жабдыққа ие болады

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық Burabike Fest VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалінің бенефициарлар тізіміне енгізілді. Фестиваль ұйымдастырушылары орталыққа гипотермияны емдеуге арналған аппарат сатып алуды жоспарлап отыр.

Burabike Fest 2019 VII қайырымдылық спорттық-музыкалық фестивалі 2019 жылдың 24-25 тамызында Щучинск-Бурабай курорттық аймағында өтеді. Фестиваль ұйымдастырушылары - Ақмола облысы әкімдігі мен Болат Өтемұратов қорымен бірлескен Rixos Borovoе қонақ үйі.
Дәстүрлі түрде төлемнен, демеушілік жарналардан, сондай-ақ қайырымдылық аукционынан түскен қаражат Қазақстан аймақтарындағы ауруханалар мен клиникаларға медициналық жабдықтарды сатып алу үшін жұмсалатын болады. Биылғы жылы бес бенефициар таңдалды, оның ішінде Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталық та бар.
Болат Өтемұратов Қорының қызметкерлері Қызылорда қаласындағы облыстық перинаталдық орталыққа барып, емдеу мекемесінің басшылығымен кездесті. Кездесу барысында орталықтың құрал-жабдық қажеттіліктері талқыланды.
"Биыл қайырымдылық фестивалінің әлеуетті бенефициарларының бірі болып Қызылорда қаласындағы "Облыстық перинаталдық орталық " шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік мекемесі таңдалды. Олар гипотермияны емдеуге арналған құны 12 000 000 теңге болатын аппаратты алып беру жайлы өтініш білдірген болатын. Бұған дейін 2014 жылы перинаталдық орталыққа өкпеге жасанды дем беруге арналған 2 аппарат берілді", - деп хабарлады қордың баспасөз қызметі.
Анықтама үшін: Burabike Fest жыл сайынғы қайырымдылық фестивалін өткізудің мақсаты — балалардың физикалық денсаулығын нығайтуға және ҚР азаматтарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған қайырымдылық жобаларын қаржыландыру және іске асыру үшін қаражат жинау. Фестиваль аясында 6 жыл ішінде 700 млн. теңгеге жуық қаражат жиналды. Жиналған қаржыға балалар медициналық мекемелеріне, перинаталдық және оңалту орталықтарына, балалар үйлеріне құрал-жабдықтар сыйға тартылды. 2018 жылы фестивальде 205 млн. теңге қаражат жиналып, Мерке (Жамбыл облысы), Тимирязев (Солтүстік Қазақстан облысы), Панфилов (Алматы облысы), Алакөл (Алматы облысы), Ағадыр (Қарағанды облысы) медициналық мекемелеріне медициналық және оңалту жабдықтары сатып алынды.
Айта кетейік, Burabike Fest 2019 алғаш рет екі күндік іс-шара ретінде өткізіледі. Бағдарлама аясында веложарыс, open-air-қазақстандық орындаушылардың концерті, теннис турнирі, мастер-класстар, пикник, кешкі және күндізгі аукциондар ұйымдастырылады. Burabike Fest 2019 фестиваліне burabike.kz сайтында тіркелесіз. Шараға кез-келген адам қатыса алады.
18 маусым 2019 ж. 372 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области