Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Robo fest-orda" облыстық фестивалі өтті

"Robo fest-orda" облыстық фестивалі өтті

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы №278 орта мектептің базасында "Robo Fest-ORDA" облыстық фестивалі өтті, деп хабарлайды білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Мұндай байқаулар оқушылардың инновациялар мен жоғары технологиялар саласына деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалдық қабілеттерін дамытады. Сонымен қатар, инженерлік-техникалық есептерді іс-жүзінде шеше білу және жұмыс жасау дағдыларын қалыптастырып, техникалық модельдеуді насихаттайды.
Байқауда робот моделін құрау және роботтарды бағдарламалау бағытындағы үздік жобалар анықталып, оқушылар мен педагогтардың шығармашылық жетістіктері бағаланды.
Қатысушылар Робо Арқан тартыс, Робо Ақ сүйек, Робо Қыз қуу категориялары бойынша сынға түсті.
Фестиваль нәтижесі бойынша 38 оқушы жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде І орын-6, ІІ орын-12, ІІІ 20 оқушыға тағайындалды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ұйымдастырушылар тарапынан марапатталды.



20 мамыр 2019 ж. 551 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области