Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАЛАЛЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ


    Қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен №267 мектеп  базасында оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша білімдерін жетілдіру мен тереңдету мақсатында Қ.Бітібаева атындағы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өткізілді. Бұл туралы қалалық білім бөлімі хабарлады.
    Олимпиадаға қала мектептерінен 9-11 сыныпта оқитын 30 оқушы қатысты. Қатысушылар эссе жазып, тест сұрақтарын орындаудан сайысқа түсті. Нәтижесінде зияткерлік және шығармашылық қабілеттерімен ерекшеленген №11 мектеп-лицейдің 11 сынып оқушысы А.Әлмахан, №235 орта  мектептің 9 сынып оқушысы Г.Әбсадық, №217 орта мектептің 10 сынып оқушысы Ж.Досжанова І орын иеленді. Жүлдегерлер ертең 1 наурыз күні өткізілетін облыстық олимпиадаға  қатысады.




28 ақпан 2018 ж. 1 422 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области