Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ЕРМЕГІ – БӨЛЕК, АРМАНЫ – ЕРЕК ӨРЕНДЕР КӨРМЕСІ

ЕРМЕГІ – БӨЛЕК, АРМАНЫ – ЕРЕК ӨРЕНДЕР КӨРМЕСІ

Жастар мен балалардың инновациялар мен жоғары технологияларға қызығушылығын арттырып, робототехника, IT салаларын дамыту мақсатында Шиелі аудандық мәдениет үйінде көрме ұйымдастырылған болатын. Көрменің мақсаты – робот (құлтемір) құрастыруға қызығушылық танытқан оқушылардың роботтехникасы және инженерлік жүйелерді жобалау саласындағы білімі мен дағдыларын дамытуды көздейді.
Оқушыларды озық ойға жетелеп, зияткерлік қабілетін шыңдайтын айтулы шара аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен өтті.
Сонымен, оқушылар өз қолдарымен құрастырып, бағдарламасын жазған роботтары келген қонақтарды өзгешелігімен таңқалдырып, көрермендерді керемет әсерге бөледі.
Нәтижесінде, №48 Ә.Қоңыратбаев атындағы мектеп-лицейінің оқушылары А.Фазылкәрімов пен Қ.Сәтбаев «Үздік робототехника» номинациясы бойынша дипломмен марапатталды. Ал №127 Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары С.Төлеген, Ғ.Кенжебаев «Үздік робототехника» номинациясын жеңіп алса, №153 Ш.Есенов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары А.Сейтжапбар мен Е.Мұхтарұлы «Ең үздік жоба» номинацияларын иемденді.
«Креативті жоба» номинациясына №47 М.В.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің оқушылары Ж.Әлібаева мен Д.Шамен лайық деп танылды. Өзге қатысушылар Алғыс хаттармен марапатталды.                            

19 маусым 2018 ж. 777 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области