Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жас зерттеушілер көне қалашық — сығанақта

Жас зерттеушілер көне қалашық — сығанақта

Kyzylorda-news.kz. «Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедицясының үшінші күнінде алматылық және қостанайлық өрендер Сыр елінде орналасқан ежелгі Сығанақ қалашығына зерттеу жұмыстарын жүргізді.
Қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын Сығанақ қалашағы XI ғасырда Қыпшақ хандығының, XIII ғасырда Ақ Орданың астанасы болған. Осы кезеңде Сығанақ қалашығында күніне 500-дей мал түрлері қолдан қолға сатылып, үлкен сауда орталықтарының біріне айналды. XV ғасырда Жәнібек ханның әкесі Барақ хан мен Әмір Темірдің немересі Ұлықбек арасында болған соқтығыстан кейін Сығанақ қалашығы Барақ ханның қолына өтеді. Екі ғасырға жуық уақыт Қазақ хандығының елордасы болған көне қала XVII ғасырда Жоңғар шапқыншылығынан құлады.
Археологтардың үргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған тиындар, құмыралар және тағы басқа құнды бұйымдар Сығанақтың Ұлы жібек жолы бойындағы саудасы мен қолөнер кәсібі дамыған қала болғанын дәлелдейді.
Қанша кезең өтсе де Сығанақ қаласы туралы тарихи деректер маңызын жойған емес. Қазақ тарихында ерекше орын алатын киелі жерлерде болу мүмкіндігін алған жас зияткерлер Сығанақта орналасқан көне ғимараттарды көзбен көріп, тарихи қалашығының сырымен танысты.
Сондай-ақ, Шиелі аудандық тарихи өлкетану музейі мен Ыбрай Жақаев атындағы күріш өсіру тарихы музейі және Нартай Бекежановтың мемориалдық өнер музейінде болып, өңірдің тыныс-тіршілігіне көз жүгіртті.
20 маусым 2019 ж. 498 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области