«Допинг»: Қызылордада 20 құқық бұзушылық анықталды
Kyzylorda-news.kz. Ағымдағы жылғы 17-21 маусым аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Допинг» арнайы операциясының екінші кезеңі өтуде, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
«Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізіледі.
Іс-шара барысында облыс аумағында орналасқан 3 дәріхана тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 426 - бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласындағы қағидаларын бұзу) бойынша 3 дерек заң бұзушылықтар анықталды.
Жедел профилактикалық іс-шарасының 3 күнінде 20 құқық бұзушылық анықталды.