Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 23 маусымға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Тоқты
Қолдан келер іспен айналысыңыз. Аспандағы айға қол созудың қажеті жоқ. үйде ұсақ-түйек істі атқарып, қаржылық мәселені біржақты етіңіз. Үйге зат сатып алудың немес артық ақша жинаудың қажеті жоқ.
Торпақ
Өз кемшіліктеріңізді ойлап бас қатырмаңыз, өз-өзіңізге сенімді болыңыз. Әділеттілік және тектілігіңізді сақтаңыз. Сонда ғана жұмысыңыз да, жеке кәсібіңіз де алға қарай жылжиды. Бүгінгі күн есеп-қисаппен айналысып, жоба немесе жоспар құруға өте ыңғайлы.
Егіздер
Бүгін күн – демалыс. Сондықтан өзіңізге толық демалыс сыйлаңыз. Бассейнге барыңыз, массаж қабылдаңыз. Салқын су ағзаңызды жақсартып, денсаулығыңызға оң әсерін тигізеді. Көптеген аурудың алдын алады.
Шаян
Өзгелерден қулығыңызды асырамын деп ойламаңыз. Өйткені оның барлығы өзіңізге зиянын тигізуі мүмкін. Бұл сіздің беделіңізге сын болатынын жұлдыздар ескертеді. Өзгелердің ығына ермеңіз және күдік тудыратын мәселелерден аулақ болыңыз.
Арыстан
Бүгін сіз шынайысыз. Сондай-ақ кез келген қиын тапсырманы оңай орындай аласыз. Достарыңызға көмек көрсетуден қашпаңыз. Бүгінгі күні жолға шығуға және ақпараттар легін жинауға қолайлы болмақ.
Бикеш
Бүгінгі күн махаббатыңызды мойындап, романтикалық кеш ұйымдастыруға өте ыңғайлы. Балаларыңыздың немен айналысып жүргеніне мән беріп, көңіл бөліңіз. Жақындарыңыз бен сүйікті адамыңызға сыйлық жасап, көңілін аулаңыз.
Таразы
Жұмыс барысында танысқан жандармен қолға алған істі жүзеге асыратын боласыз. Қызметіңізді жоғарылатуға немесе қаржылай қолдайтын жандардардан көмек алуға толық мүмкіндігің бар.
Сарышаян
Әріптестеріңізбен және достарыңызбен дауласпаңыз. Бұл жақсы емес. Бүгін өте ашушаң боласыз. Ол сөзіңізден де, ісіңізден де байқалады. Ұстамды болуға тырысыңыз. Сабырлылық танытыңыз.
Мерген
Бүгін күш-қуатыңыз мол. Белсенділік таныту өз пайдасын әкелмесе, зиянын тигізбейді. Көлік жүргізетін болсаңыз, жолда абай болыңыз. Бүгін сізге көбіне нәзікжандар көп көмегін тигізетін болады.
Тауешкі
Серіктестермен немесе басқа да кездесулер сіз үшін тиімді болмақ. Бұл кездесуге таянақты түрде дайындалар болсаңыз, көп жетістікке жетесіз. Сізге тапсырылған жұмыстарға бей-жай қарамаңыз.
Суқұйғыш
Бүгін орын алатын оқиғалардың барлығы сізге оң әсерін тигізетін болады. Сіз бүгін лауазымды тұлғалардың немесе әріптестеріңіздің көмегіне жүгіне аласыз. Олар сізге бағыт-бағдар беріп, мақсатқа жетуге көмектеседі.
Балықтар
Бүгін ұсақ-түйек тірліктің барлығын бітіресіз. Сізді біреулер алдап соққысы келеді. Майда-шүйденің барлығына мән беріңіз. Тіпті қайтарым ақшаның өзін санап алғаныңыз жөн. «Сақтықта қорлық жоқ» екенін естен шығармаңыз.