24 маусым: Ел тарихында орын алған оқиғалар
1938 жылы алғаш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі сайланды. Жоғарғы Кеңес мемлекеттік биліктің ең жоғары органы ретінде республикаға қатысты кез-келген мәселені шешуге және өз қарауына алуға өкілетті болды.
1970 жылы Алматы циркінің ұжымы құрылды. Оның құрамында Мәскеу эстрада-цирк училищесін, Саратов және Алматы эстрада-цирк студияларын енді ғана бітірген талантты әртістер болды.
2009 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Жарлыққа қол қойды.
2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңға қол қойды. Заң жер пайдалану саласындағы қатынастарды реттейтін заңнаманы жүйелеуге және одан әрі жетілдіруге бағытталған.
2010 жылы Түркия Республикасының астанасы Анкара қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналған ескерткіш ашылды. Биіктігі бес метрден асатын ескерткіш түрік астанасының «Генчлик парк» орталық жастар саябағында орналасқан. Мүсіннің биіктігі - 2 метр 60 сантиметр. Ол таза қоладан, ал тұғыры мәрмәрдан жасалған. Авторы - Гюрсель Чаталтепе
2014 жылы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ энергетика саласындағы үздік стартап-жоба бойынша республикалық байқау жариялады.
2016 жылы Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтарын беру, гранттарын тапсыру және алғысын жариялау туралы өкімге қол қойды.