Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада көпфункционалды орталық ашылды

Қызылордада көпфункционалды орталық ашылды

Kyzylorda-news.kz. Сыр өңірінде жыл басынан бері жастарға арналған 19 әлеуметтік нысан ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соның бірі – көпфункционалды жастар орталығы.
Бұл орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Бұл Абдолла Бегайдаров үшін де жаңа мүмкіндіктер ашып отыр. Ол бүгінде жаңа дизайнерлік жобалар аясындағы ізденісін жалғастыру үшін ресурстық орталықтың тегін қазметін тиімді пайдаланып жүр.
«24 сағат жұмыс жасайды, студенттер бос уақытында келуге болады. Коворкингке жиналады, интернет кітапхана бар. Оның бәрін пайдалануға болады», - дейді қала тұрғыны Абдулла Бегайдаров.
Кәсіп бастаймын, ғылым жолында ізденемін немесе жаңа технологияның дамуына үлес қосамын дейтін жастарға жаңа орталықта барлық жағдай жасалған. IT-парк, коворкинг орталықтан бөлек жастар шығармашылығын дамыту бөлмесі, фитнес тіпті психологиялық кабинет те қызмет көрсетеді.
«Әдістемелік көмек көрсету кабинеті қарастырылған. Бұл кабинетте біздің қызметкерлер тұрғын үй, денсаулық сақтау, жұмысқа орналасу мәселесі, кәсіпкерлікті бастау, бизнес стартаптар бойынша түрлі бағытта түсіндірмелі ақпараттық жұмыстар жүргізеді», - дейді облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Абылайхан Сабанбаев.
Облыс тұрғындарының 4-тен бірі - жастар. Оның 40 пайызы қалада тұрса, қалғаны ауыл-аймақтарда. Алдағы уақытта осындай орталықты аудандарда да салу жоспарда бар екен. Бұл бастама Сыр жастарының жан-жақты ізденісін дамытып, түрлі қызметтерді кедергісіз алуына жол ашады, дейді мамандар.

24 маусым 2019 ж. 260 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области