Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 шақырым жаяу жүріп өткен: Ай-күні жеткен келіншекке ешкім тоқтамаған

8 шақырым жаяу жүріп өткен: Ай-күні жеткен келіншекке ешкім тоқтамаған

Kyzylorda-news.kz. Арыстағы жарылыс кезінде перзентханада жатқан әйелдер эвакуациялау орындарына жіберілген. Көлік таппаған 22 жастағы келіншек 8 шақырым жолды жаяу жүріп өткен, деп хабарлайды Stan.kz.

Арыстағы әскери бөлім жарылысы кезінде ай-күні жеткен 22 жастағы Кенжегүл Бекасыл перзентханада жатқан. Екінші баласын босанғалы отырған ол дүмпуді ести сала елмен бірге сыртқа шығады. Көлік таппаған соң, «41 разъезд» деп аталатын аймаққа дейінгі 8 шақырым жолды жаяу жүріп келеді. Қасында әскери қызметкер де болыпты. Жас ананың айтуынша, оған жол-жөнекей Білім және ғылым министрлігінің өкілдерін тасып жүрген жүргізуші ғана тоқтаған. Қаланы дұрыс білмейтін көлік жүргізушісі адасып жүріп келіншекті Қазығұрт ауданындағы Ақтас елді мекеніне жеткізеді. Ауруханаға жете алмаған Кенжегүл Бекасыл ауыл тұрғынының үйінде босанып қалады.
«Алғашында, бәрі бітті деп ойладым. Сосын балам үшін жан сауғалап, алға жүруге бекіндім. Қанның қызуымен, ауруға шыдамай біраз шақырым жолды жаяу жүріп өтіппін. Қазір менің де, қызымның да жағдайы тамаша. Бүгін перзентханадан шығамыз. Өмірімізді сақтап қалған көлік жүргізушісінің құрметіне, қызыма оның анасының атын бердім», - дейді Кенжегүл Бекасыл Stan.kz тілшісіне берген сұхбатында.
Ана мен баланың жағдайы қазір тұрақты. Дәрігерлер тиісті медициналық тексеруден өткізген.

27 маусым 2019 ж. 374 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области