Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада адам өліміне себепші болған қоғамдық көлік жүргізушісі сотталды

Қызылордада адам өліміне себепші болған қоғамдық көлік жүргізушісі сотталды

Қызылордада адам өліміне себепші болған қоғамдық көлік жүргізушісі бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Аталмыш оқыс оқиға былтыр болған еді. Маршруттық көлік жүргізушісі кешкі 19.30 шамасында Қызылорда қаласындағы Сұлтан Бейбарыс көшесі бойында жолды кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Салдарынан жүргінші жолдың қарсы бетінде келе жатқан машинаның алдына құлаған. Бұл көлік оны үстінен басып өтіп тоқтайды. Зардап шеккен жан облыстық медицина орталығына жеткізілгенімен алған жарақатынан көз жұмды.
«Осыған орай Қызылорда қаласының №2 соты қоғамдық көлік жүргізушісін ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп таныды. Ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, үш жылға көлік құралын жүргізу құқығын шектеу жазасы қолданылды», - деді Қызылорда қалалық №2 сотының бас маманы-сот отырысының хатшысы Мира Жақыпова.

Ол жазасын қауіпсіздігі барынша төмен түзеу мекемесінде өтейтін болды. Бұдан бұрын Қызылордада алаяқтық жасаған тұрғын 4 жылға сотталғаны хабарланған еді.


22 қаңтар 2019 ж. 440 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области