Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Брейк-данс пен спорттың тағы үш түрі олимпиада бағдарламасына енді

Брейк-данс пен спорттың тағы үш түрі олимпиада бағдарламасына енді

Kyzylorda-news.kz. Брейк-данс, скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарының бағдарламасына уақытша енді. Мұндай шешім Халықаралық Олимпиада комитетінің 134-ші сессиясында қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы Париждегі Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті ХОК-қа қосымша спорт түрлерін ұсынатын екінші ұйым.
«Париж ұсынған спорттың төрт түрі де 2020 жылғы Олимпиада ойындарының күн тәртібіне сай келеді. Бұл бағдарламаның гендерлік талап бойынша теңестіріліп, заманауи сипат алуына септігін тигізеді. Париждегі Олимпиада ойындарының бағдарламасы жас буынмен тілдесуге мүмкіндік береді. Ұсынылған спорт түрлері талапқа сай келеді және 2024 жылғы Париждегі ойындардың жалпы динамикалық концепциясын жақсартады», - деді ХОК президенті Томас Бах.
Айта кетелік, 2018 жылы өткен жасөспірімдер Олимпиадасында тұңғыш рет спорттық құзға өрмелеу мен брейк-данстан жүлде таратылған болатын. Ал скейтбординг, спорттық құзға өрмелеу және серфинг 2020 жылғы Токио Олимпиадасының бағдарламасына енген.
29 маусым 2019 ж. 356 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области