Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ОЛИМПИАДА-2018: АЛҒАШҚЫ СПОРТШЫМЫЗ ЖАРЫС ЖОЛЫНА ШЫҒАДЫ

ОЛИМПИАДА-2018: АЛҒАШҚЫ СПОРТШЫМЫЗ ЖАРЫС ЖОЛЫНА ШЫҒАДЫ


    Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласына ел намысын қорғауға аттанған спортшымыз – түғырдан секіруші Сергей Ткаченко бүгін жарыс жолына шығады.
    Спортсүйер қауым тағатсыздана күтіп отырған XXIII қысқы Олимпиада ойындарының ресми ашылу салтанаты 9 ақпан күні өтеді. Дегенмен, алғашқы іріктеу жарыстары бүгін, яғни 8 ақпан күні басталады. Бұл күні керлинг және тұғырдан секіруден жарыстар бастау алады. Алғашқы іріктеу сындарында өнер көрсететін спортшылар қатарында қазақстандық спортшы Сергей Ткаченко да бар.
    Естеріңізге сала кетейік, 7 ақпанда Пхенчхандағы олимпиада қалашығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы ресми түрде көтерілді. Бұл Қазақстанның спорттық делегациясы XXIII қысқы Олимпиада ойындарына ресми түрде келгендігін білдіреді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Тимур Құлыбаев, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, спортшылар, жаттықтырушылар, қазақстандық тілшілер қатысты. Айта кетейік, қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасы 57 жолдама жеңіп алды.  Олар спорттың тоғыз түрінен сынға түседі. Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында көк байрағымызды шорт-трекші Абзал Әжғалиев ұстап шығады.
    inform.kz

08 ақпан 2018 ж. 812 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области