Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Сырдария ауданында мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды

Сырдария ауданында мемлекеттік рәміздер аллеясы ашылды

Kyzylorda-news.kz. Ауданға жұмыс сапары барысында облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аллеяның ашылу салтанатына қатысып, Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын өткізді.

Аудан орталығы Тереңөзек кентінде демеушілік қаражатына салынған Мемлекеттік рәміздер аллеясының ашылу салтанаты өтті.
"Жаңадан ашылған Мемлекеттік рәміздер аллеясы мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлерінің анты, әскерге шығарып салу және т. б. салтанатты патриоттық іс-шараларды өткізу орнына айналсын. Бұл жер түлектер мен жас отбасылардың жиналатын мекеніне айналады деп ойлаймын!»-деді облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аллеяның ашылу салтанатында.
Айта кетейік, Мемлекеттік рәміздер аллеясы Арал, Қазалы, Шиелі аудандарында және облыс орталығында салынған. Алдағы уақытта осындай аллеялар облыстың басқа аудандарында да ашылатын болады..
Сондай-ақ, Руслан Рүстемов жақында салынған Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратымен танысты. Орталықта кеңесшілер кабинеттері, конференц-залдары бар, жастарға жұмыс істеуге қолайлы болу үшін интернетпен қамтамасыз етілген.
Облыс әкімінің орынбасары аудан жастарымен кездесті. Кездесу барысында бизнес-жобаларды қорғаған 6 жас кәсіпкер "Тереңөзек жастары" қорының қолдауымен өз ісін ашуға несие беру үшін 10% мөлшерінде бастапқы жарна төлеуге сертификат алды. Бұған дейін қор 16 жас кәсіпкерге осындай сертификаттар берген болатын.
Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысында жастар саясатын жүзеге асыру және өскелең ұрпақтың бастамаларын қолдау мәселелері талқыланды.
Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, жуырда Қызылорда қаласында ашылған Жастар орталығын материалдық-техникалық базамен қамтылуы бойынша республикадағы ең үздік орталық деп атауға болады.
"Бір ай ішінде жастар орталығының қызметін 8 мыңға жуық сырбойылық жас пайдаланды. Қазір орталық тәулігіне 24 сағат жұмыс істейді және жастардың бос уақытын тиімді пайдалануда жұмысты оңтайлы ұйымдастыра білу өте маңызды", - деп атап өтті Р.Рүстемов.
Жергілікті атқарушы органдардың, жастар ұйымдарының басшылары мен аудан әкімдері жастарды қолдау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Сондай-ақ, кеңес отырысында "Орион" ЖШС басшысы Шалқара Жаңабергеновтің тәжірибесі жоқ 10 жас маманды жұмысқа қабылдағаны ерекше атап өтілді. Ш.Жаңабергеновке аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды.
Отырысты қорытындылай келе, облыс әкімінің орынбасары жастарды жұмысқа орналастыру мен олардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастырудың маңыздылығын атап өтіп, аудан әкімдері мен мемлекеттік орган басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

27 маусым 2019 ж. 357 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области