Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазалыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Қазалыда терроризмге қарсы оқу-жаттығу өтті

Kyzylorda-news.kz. Бүгін Әйтеке би кентіндегі Р.Бағланова атындағы мәдениет орталығының ғимаратында экстремизм мен терроризм көріністерінің алдын алуға бағытталған оқу-жаттығу өтті.

Оқу-жаттығуға аудандық жедел штаб мүшелері мен жеке құрамы толық құрамда және арнайы техникалар жұмылдырылды.
Жаттығу барысында құзырлы органдардың оқиғаны алдын алу және салдарымен күресу кезіндегі өзара іс-әрекеттеріне ерекше мән берілді. Ұрыс алаңына барлау және бақылау жүргізу жұмыстарымен қатар оқыс оқиғалар мен төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында тиісті шаралар қажетті уақытында ұйымдастырылды.
Жаттығу қорытындысы бойынша арнайы топтың жедел әрекетінің нәтижесінде кепілге алынған азаматтар босатылып, қауіпсіз аймаққа көшірілді. Күдікті тұлғалар дер кезінде түгел құрықталды.
Шара барысындағы әрекеттерден тұрғындарға үрей туғызбау үшін дыбыс күшейткіш құралы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

27 маусым 2019 ж. 460 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области