«Мұрагер» мектебінде өрт-тактикалық жаттығу өткізілді
Қызылорда облысы Өрт сөндіру қызметінің қызметкерлері «Мұрагер» мектебінде өрт-тактикалық жаттығу өткізді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Облыстық Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов жаттығу нәтижесін қорытындылады. Ол жаттығу кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлерінің іс-қимылдарына баға беріп, төтенше жағдайларға әркез дайын болу қажет екендігін ескертті.
Жаттығудың мақсаты – мектеп қызметкерлері мен оқушыларына өрт кезіндегі іс-әрекеттерді үйрету. Зардап шегушілерді құтқару және қиын жағдайларда өртті сөндіруге дайын болу.
Жаттығуға облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінен 9 бірлік техника және жеке құрамның 74 қызметкер жұмылдырылды. Жаттығуға жол полиция қызметкерлері, 2 жедел медициналық жедел-жәрдем бригадасы, оңтүстік аэромобильді жедел құтқару жасағының құтқарушылары және қаланың шұғыл қызметтері жұмылдырылды.Облыстық Өрт сөндіру қызметінің бастығы азаматтық қорғау подполковнигі Н.Ибрагимов жаттығу нәтижесін қорытындылады. Ол жаттығу кезінде өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметкерлерінің іс-қимылдарына баға беріп, төтенше жағдайларға әркез дайын болу қажет екендігін ескертті.